Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕртең, 7 желтоқсанда Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өз жұмысын бастайды.
Облыстық орталыққа келген ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко ертең форумның ашылуы өтетін жаңа Оқушылар сарайының жұмысымен танысты.
Петропавлдағы оқушылар сарайы әр оқушыға жан-тәнімен сабақ беретін бірегей нысан. Сарайдың мамандандырылған зертханалары, студиялары, залдары мен аудиториялары сандық техникамен жабдықталған.
Жаңа қосымша білім беру орталығында робототехника, құрастыру, биология, физика, шахмат, музыка, би және басқа да шығармашылық бағыттарымен айналысатын балаларға барлық жағдай жасалған. Мұнда тіпті тікелей эфирге шығу мүмкіндігі бар өз телестудиясы бар.
Бұл күні Оқушылар сарайына келген Петропавл қонақтары көргендерінен үлкен әсер алып, тіпті интерактивті ойындарға қатысып көрді.
Сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко Петропавлдық Достық үйінде болып, облыстық Ассамблеяның жұмыс барысымен танысты.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек