6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерГолливуд актері Леонардо Ди Каприо өзінің Instagram-дағы парақшасында Қазақстан үкіметін жойылып бара жатқан жануарлар түрін сақтап қалудағы табысты жұмысымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгіме ақбөкендер жайлы. Себебі 2002 жылы олар жойылудың алдында тұрған жануарлар түріне жатқызылған болатын.
2005 жылы Қазақстанда ақбөкен саны 48 мың болса, қазір 1,9 млн-ға жетті.
Бұл керемет нәтиже. Қазақстан үкіметін браконьерлермен күреске мейлінше көп күш жұмсап, қоршалатын жаңа аумақтар құрғанымен құттықтаймын. Ел билігінің табиғатты қорғау ұйымдарымен, қоршаған ортаны қорғау саласында еңбек ететін ғалымдар және оқу орындарымен бірлескен жұмысы оң нәтиже берді, - деп жазды актер.
Леонардо Ди Каприо көп жылдан бері қоршаған ортаны сақтауға ден қойып, жойылу қаупі туған жануарларды қорғауды қолға алған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі