Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыМилан төріндегі сән апталығына ұлттық үлгідегі коллекциясын апарған отандық дизайнер Анастасия Романова еуропалықтарды туындысымен тәнті етті, деп хабарлайды El.kz.
Оюлы, қос етек көйлек, қыпша бел камзол мен көз тартар сәукеле сән әлемі серкелерінің ғана емес, Милан тұрғындарының да таңданысын туғызды. Анастасия командасындағы қыздармен бірге ұлттық үлгідегі көйлектерін киіп, қала көшелерін аралаған. Италиялықтар қыздармен суретке түсіп, еліміздің мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылық танытыпты.
Қазақ киіміне ғашық болған тек еуропалықтар ғана емес екен. Жуырда оңтүстік кореялық белгілі тиктокер Шинсама шапан киді. Сымбаты келіскен жігіт желіге шапанмен түскен екі бірдей бейнероликті жариялады. Екеуінің қаралымы бірнеше күн ішінде 3 миллионнан да асып кетті. Желі қолданушылары: «Димашы бар, әдемі ұлттық киімі бар қазақтар қандай бақытты», «Өте әдемі киім, мен де шапанға тапсырыс беремін», «Қазақ болу трендте» деген сынды мыңдаған пікір қалдырыпты.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді