6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЛәззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.
«Хабар» агенттігінің» басқарма төрағасы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, оның негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту, сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту міндеті қойылды.
Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі