30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыДимаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері «Latam, Voices of Love» жобасы аясында ерекше бейнебаяндарын ұсынды. Бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен жиналған Dears өнерпаздың репертуарындағы жүректі тербейтін туындылардың бірі – «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады.
Әннің музыкасын – Ренат Гайсин, ал сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған. Көптеген қатысушылар үшін бұл жоба тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетіне, әрі Димаштың шығармашылығына деген ерекше құрметтің көрінісі болды.
Біз бұл ән арқылы әуезді әуенді ғана емес, оның жан тебірентер рухын жеткізгіміз келді. Димашқа және оның шығармашылығына деген махаббат – тіл мен мәдениет шекарасынан тыс, бүкіләлемдік құбылыс екенін дәлелдегіміз келді, - деп бөлісті жобаға қатысушылар.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды