13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2018 жылдың 19 маусымында Қарағанды облысы ҚХА, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру негізі» тақырыбында семинар өтті.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселе талқыланған келелі басқосуды облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова жүргізіп отырды.
Алдымен сөз алған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру мәселелері туралы, жаңа әліпбидің емле ережелері жөнінде жұртшылықтың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз етуге байланысты қолға алынып, іске асырылып жатқан мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті.
Сондай-ақ алқалы басқосуда Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің ғұмырлы болуы үшін латын қарпіне көшудің маңыздылығы ерекше екендігіне баса назар аудара келе, латын графикасына негізделген жаңа әліпби мәселелерін кеңінен талдап, көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.
Алқалы жиынға облыстық, қалалық және аудандық басқармалар басшылары мен жауапты мамандары, облысымыздағы жоғары оқу орындарының тілші-әдебиетші ғалымдары мен оқытушылары, тіл жанашырлары мен қоғамдағы белсенді тұлғалар қатысып, талқыланып отырған маңызды мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды