Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыДимаш Құдайберген жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Әншіні әуежайдан қарсы алған латвиялық жанкүйерлер оған айрықша құрмет көрсетіп, ұлттық музыкалық аспап коклені тарту етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кокле - тарихы тереңде жатқан көне аспап. Ғалымдардың айтуынша, оның шығу тегі балтық тайпалары өмір сүрген дәуірге қатысты. Тіпті XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби түрде ойнайтын музыканттар болғаны туралы деректер сақталған.
Аспап қуыс трапеция пішіндес корпустан және жұқа ағаш қақпақтан тұрады. Жіңішке металл өзекке бекітілетін ішектерді ұстап тұратын ағаш тиектер орналасады. Бұрын 6-9 ішекпен жасалса, қазіргі үлгілерінде олардың саны 20-ға дейін жетеді.
Кокле жөнінде түрлі аңыздар бар және ол халық ертегілері мен жырларында жиі кездеседі. Сонымен бірге ол Латвияның мәдени канонына енгізілген ұлттық мұралардың бірі саналады.
Латвиядағы Димаш фан-клубының мүшелері бұл аспап жергілікті халық үшін аса қастерлі екенін және оны сыйға тартқанда міндетті түрде тоқыма жылы көрпеге орап ұсыну дәстүрі бар екенін атап өтті.
Әншінің өзі болса, бұл ерекше сыйлық үшін алғысын білдіріп, тыңдармандарымен естілік суретке түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның елшісі болып тағайындалғанын жазған едік.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар