Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЛара Фабианның концертіне билет алған қазақстандықтар 5 миллион теңгеге алданып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуразия бірінші арнасы таратқан мәлімет бойынша, ондаған қазақстандық әлемдік деңгейдегі әншінің концертіне бару үшін 5 миллионнан астам ақша жұмсаған. Дегенмен кешке қатыса алмады, ақшасынан да айырылды.
Алданғандар әлемдік жұлдыздың концерті елордамызда өтетінін осы жылдың басында әлеуметтік желі арқылы білген. Ал наурыз айында олар концерт өтпейтіні туралы хабарлама алған.
Оқи отырыңыз:
Алаяқтардың құрбаны болғандардың бірі Гауһар Исинаның айтуынша, ұйымдастырушылар алдымен концерт қазан айына ауыстырылғанын алға тартқан.
Бізге ақшаны қайтару немесе концертті күту туралы ұсыныс жасады. Бізге кепілдік хат та жіберілді. Онда 1 маусымға дейін ақшамызды толық қайтаратыны жазылған.
Бізге ақшамызды Каспидегі шотқа қайтаратынын айтты. Осы жерде күдіктеніп қалдық. Одан қалды 24 маусымда Астанада екінші концерт өтетіні туралы хабарланды. Сөйтсек, олар мүлде бөлек ұйымдастырушылар екен, - деді Исина.
Сан соғып қалған қала тұрғындары құқық қорғау органдарына да шағымданған, алайда ешқандай нәтиже болмаған.
Полиция басқармасына шағымдандым. Бірақ менің шағымымды қараған жоқ. Бұл мәселені өзіміз шешуіміз керектігін алға тартты, - дейді алданғандардың бірі Атабек Құмарбек.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары