Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Аурудың алғашқы толқынында балалардың жас құрылымында 5-тен 12 жасқа дейінгі балалар басым болды және пациенттердің жалпы санының 30 пайызын құраған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды El.kz
Қазір аурудың түрлі жастағы балаларға да біркелкі таралуы байқалады. Бұл вирустың отбасы ішінде таралып жатқанын білдіреді.
Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі Динагүл Баешеваның айтуынша, 2022 жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша 308 бала стационарлық ем алып жатыр. 308 баланың ішінде 73 балада жеңіл дәрежеде, 232 бала ауырлықтың орташа дәрежесінде, 3 балада инфекция ауыр дәрежеде өтуде.
1-ші шілдеден бері COVID-19 диагнозын алғаш рет жұқтырған 7 205 бала стационарлық ем алған. Оның ішінде 6 891 бала жазылып шыққан.
Брифинг қорытындысында сарапшылар халықты КВИ-ден қорғау үшін негізгі сақтық шараларын сақтауға, вакцина алуға кеңес берді.
Сондай-ақ жаңа оқу жылында эпидемиологиялық жағдайдың жеңіл түрде өтуіне байланысты мектептерде бұрынғыдай шектеу қойылмайтындығы айтылды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс