30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы ПД жедел қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді. Бұл операцияға “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің сарбаздары да тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қаланың барларында, кафелерінде және түнгі клубтарында бұзақылық әрекеттер жасап, бірнеше рет төбелес, жанжал шығарған топ ведомствоның жедел қызметкерлерінің назарына көптен іліккен болатын. Жедел тексеру барысында қала мен облыс аудандарының спортшылары мен бұзақы жастары қатарынан осы топқа қатысушылар анықталды. Олар бірқатар ойын-сауық мекемелеріне күзет қызметі түрінде қылмыстық қорғаушылық ұйымдастырған. Бұл топтың ішінде бұрын бұзақылық және бопсалау жасағаны үшін сотталғандар да болды.
Сонымен қатар бұл топтың атыс қаруы қолданылған қылмыстық қақтығыстарға қатысқаны да анықталды. Ойын-сауық орталықтарының басшылары қылмыстық топтың “күзет қызметін” пайдалануға мәжбүр болуы үшін олар клубтар мен кафелердің клиенттері мен қызметкерлеріне тиісіп, қақтығыстар, төбелестер және жанжалдар ұйымдастырды.
Полицияға қылмыстық топтың 11 қатысушысы жеткізілді. Олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында атыс, травматикалық қарулар, суық қару мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Басты күдіктілер, атап айтқанда қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен жетекшілері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды