Күйеуінің голына қуанған Мессидің әйелі көпшілікті сүйсіндірді

26 Шілде 2023, 16:05 1070

Желіде Мессидің әйелі Антонелла Рокуццоның күйеуінің «Аталанта» қақпасына соққан голына қуанған сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Видеоның астында Антонелланың әрекетіне риза болып, футболшының отбасына бақыт тілеп жатқандар көп.

Лео Месси АҚШ-ты бағындырып жатыр. Алғашқы матчында 94-минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйласа, екінші матчта дубль авторы атанды.

Оқи отырыңыз:

Месси қазір отбасымен бірге қоныс аударған. Тіпті аргентиналықтың анасы да АҚШ-та жүр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: