22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлтай өлкесінде күйеуімен жанжал кезінде әйел 36 жастағы күйеуін бензин мен май қоспасымен өртеп жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы әлеуметтік желіден басталған. Александр Татьянаның фотоларына жүрекше қалдырып, пікір жазып отырған. Осылайша екеуі жақынырақ танысып, Красногорское ауылында бірге тұра бастаған. Бірақ соңғы уақытта араларында тұрмыстық жанжалдар жиілей берген.
Оқиға күні кезекті ұрыс-керіс кезінде Александр әйелін бірнеше рет ұрып-соғыпты. Ашуға булыққан Татьяна шкафтан бензин мен мотор майының қоспасын алып, күйеуіне шашып, от қойған. Өрт тұтанған кезде Александр ауыр күйік алып, жан даусымен айқайлап, көмек сұраған. Сол сәтте Татьяна бірден құтқарушыларды шақырып, жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді, ал әйел қамауға алынды.
Татьяна бұрынғы некесінен екі баланы тәрбиелеп отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта бұл оқиға ауыр қылмыс ретінде тіркеліп, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға елді елең еткізіп, әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев