Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісу облысында Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджіне 26 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері, педагогтер мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Челлендж қатысушылары Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» және Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйлерін орындады.
Менің домбыра тартып жүргеніме 5 жылдай болды. Осы челленджге екінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Бүгін ұлттық киім киіп, бәріміз бірге қазақ күйлерін орындадық. Бұл музыкалық флешмоб біздің шеберлігімізді шыңдаумен қатар рухани тұрғыда біріктіреді, дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігімізді арттырады, - деді № 2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жансая Қайролқызы.
Облыстық білім басқармасына қарасты ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Ақбаян Суниятованың айтуынша, іс-шара қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.
Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала түгел қамтылып, челленджге бір мезетте 26541 домбырашы қатысуда. Осындай шаралар арқылы біз білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриоттық сезімін тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалардың өнерін дамытуға ықпал етеміз, – деді орталық директорының орынбасары.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?