6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКувейттің Мангаф қаласындағы тұрғын үйде болған алапат өрттен 50-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көз жұмғандардың басым бөлігі Үндістан азаматтары. Олардың барлығы жұмысшылар екен. Жергілікті БАҚ өкілдері өрт кезінде ғимаратта 195 адам болғанын жазып жатыр.
Өрт бірінші қабаттағы асүйден шығып, тез арада ғимаратты шарпыған. Тұрғындардың көпшілігі үйлерінен шыға алмай қалған. Одан қалды шатырға шығатын есік те жабық болған.
Өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелері сақталмаған деп отыр. Ал қала басшылығы қайғылы оқиғаға ғимарат иелері жауапты деп санайды.
Кувейт билігі кінәлілерді тез арада жауапқа тартуды тапсырды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі