29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСтамбулда қаңғыбас ит өлгелі жатқан күшігін ветеринарлық клиникаға алып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Түркияның Бейликдюзю қалалық ауданында орналасқан клинканың бейнебақылау камерасына түсіп қалған иттің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Видеодан дәрігерлердің клиниканың кіреберісінен аузына күшігін тістеген итті күтіп алғанын көруге болады. Одан кейін халі мүшкіл күшікке жедел көмек көрсетіп жатқан ветеринардың әрекетін аңғарамыз. Реанимациялық әрекеттер кезінде күшіктің анасы бақылап тұрады. Шұғыл көрсетілген көмектің арқасында күшіктің жағдайы жақсарған.
Кейінірек жергілікті зообелсенділер иттің басқа да күшіктерін тауып, көмек көрсету үшін клиникаға әкелді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек