20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекGoogle компаниясы компьютерлік тінтуір (мышка) меңзерін мүлде жаңа деңгейге шығаруды көздеп отыр. Жарты ғасыр бойы өзгермей келген қарапайым интерфейс элементі енді жасанды интеллектпен бірігіп, қолданушының жұмысын әлдеқайда жеңілдететін «ақылды көмекшіге» айналуы мүмкін.
Google жарты ғасырдан бері өзгермеген курсорды қайта ойластырып, оны Gemini моделімен біріктіруді ұсынып отыр. Жаңа концепцияның мақсаты – AI-мен жұмысты жеңілдету. Енді мәтінді не суретті бөлек терезеге көшіріп, ЖИ-ға контекст түсіндірудің қажеті жоқ. Курсордың өзі сіз нені меңзеп тұрғаныңызды түсінетін болады.
Тінтуір қалай «ақылды» болады?
Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – қолданушыға артық қадамдардың қажет болмауы. Қазір бір әрекет жасау үшін мәтінді көшіріп, бөлек терезеге өтіп, AI-ға контекст түсіндіруге тура келеді. Ал болашақта бұл процестердің бәрі қысқарады.
Мысалы:
Яғни AI қолданушыдан қосымша түсіндірме талап етпей, экрандағы нақты контексті өзі түсіне алады.
Жұмыс процесі жеңілдей ме?
Бұл тәсілдің негізгі мақсаты – жасанды интеллектіні күнделікті жұмысқа табиғи түрде енгізу. Енді қолданушы күрделі промпт жазбайды, ұзақ нұсқаулық бермейді. Оның орнына қарапайым әрекет пен қысқа бұйрық жеткілікті болады.
Бұл технология адамның жұмыс стилін өзгертпейді, керісінше, адамның өз әрекетіне бейімделеді. Сол арқылы уақыт үнемделіп, артық қадамдар азаяды.
Қайда енгізіліп жатыр?
Аталған жоба әзірге эксперименттік кезеңде. Дегенмен оның кейбір элементтері қазірдің өзінде Google өнімдеріне енгізіле бастаған.
Мысалы:
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?