22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының салтанатты есептобына ең лайықты деген курсанттар іріктелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге қатысу үшін әскери институттың 127 курсанты мен екі офицері Астанаға келді. Оқу орнының саптық плацында үш ай бойы күн сайын қарқынды жаттығулар өткізілді. Енді саптық тәсілдерді одан әрі шыңдау елорданың жаттығу алаңдарында жалғасады.
Әрбір курсант әскери шеруге қатысуды болашақ офицердің өміріндегі маңызды кезең екенін жақсы түсінеді. Бұл жай ғана жаттығу немесе кәсіби дайындықтың көрінісі емес. Еліміздің бас алаңында әскерлердің салтанатты сап түзеуі Ұлы Отаны соғысы майдандарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ата-бабаларымызға құрмет болмақ.
Мәселен, курсанттар Руслан Дарханов пен Алмас Айтқанның аталары Дархан Мыңбаев пен Оразай Мұсақов майдангерлер. Бірі Украина, енді бірі Калинин майданында соғысқан. Екеуі де бүгінгі тарихи оқиғаға қатысу мүмкіндігін иеленгенін ерекше мақтан етеді.
Құрлық әскерлері әскери институты 3-батальонының командирі подполковник Жасұлан Сейітқазин екінші, үшінші курс курсанттары Жеңіс шеруіне қатысушылар ретінде оқу орнының тарихына енеді деп есептейді. Ол қарамағындағылар өз міндеттерін сәтті орындайтынына сенімді, өйткені Жеңіс шеруіне қатысу – көптің арманы.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев