23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов су тапшылығынан егіс көлемі азайып кетті деген пікірді жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде тілші Сейілбек Нұрымбетовке «Қазақстанда құрғақшылық салдарынан күріш бағасы қымбаттайды деген ақпарат шықты. Сырдариядағы судың тапшылығынан соңғы екі жылда күріш егістігінің саны азайып кеткен. Бұл мәселені қалай шешесіздер? Жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр ма? Жүргізілсе, неге нәтижесіз?» деп сұрақ қойды.
Оқи отырыңыз:
Егіс көлеміне байланысты күріштің нарықтағы бағасы белгілі. Негізінен күріш Қызылорда мен Түркістан облыстарында егіледі. Егістің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мың гектарға дейін ұлғайған. Қазіргі уақытта қолда бар су көктемдегі болжамдармен расталған жоқ. Сондықтан негізгі күріш егілетін Қызылорда облысы бойынша Шардара қоймасына жиналған су мен келіп жатқан судың көлемін ескере отырып, облыс әкімдіктеріне, су шаруашылығы мекемелеріне барлық лимиттердің азайтылғандығы жайлы ақпарат жеткізілген, - деп жауап берді Сейілбек Серғазыұлы.
Сондай-ақ ол қазіргі уақытта қолда бар сумен кезектестіріп суару, үнемдеу арқылы, су жүйелерін тазалау бойынша шараларды атқара отырып, нақты егілген егісті алып шығу үшін жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік