18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жамбыл облысына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте қайғылы жағдай орын алды. Мектеп дәретханасында Мирас Мәлік көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 30 сәуірде болған. Әжетханада қайтыс болған оқушыны алғашында мектеп қызметкерлері өзі құлап қайтыс болды деген. Марқұмның ағасы Олжас Сейітқадыр балалардан сұрап, оның ауыр соққыдан құлағанын білген.
Екінші күні қайтадан сот-медициналық сараптамасын жасадық. Екеуінде де кеуде тұсынан ұрып, жүректен келетін күретамыр жарылып кеткенін көрсетті, - дейді ағасы.
Мектеп директоры да бірінші күні бәрін жасырып қалғысы келген. Тіпті, оқиғаға куә болған балаларды да ештеңе айтпауын өтінген. Сұрастыра келе, ұрған баланы анықтап, полицияға тапсырған.
Жамбыл облыстық полиция департементі күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынғанын хабарлады. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр