23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Олимпиада жолдамасы берілетін Азия құрлығының турнирінде еліміздің еркін күрес шеберлері екі лицензияға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлішер Ерғали (97 кг салмақта) жартылай финалда қытайлық спортшы Абусайман Хабиладан айласын асырып кетті. Есеп: 3-2. Күндізгі сессияда ел чемпионы жарыс қожайыны Андрей Ароновты айқын басымдықпен ұтқан.
Аса ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев Бахрейн өкілі Шамиль Магомедовты тізе бүктіріп, екінші рет олимпия ойындарына баруға мүмкіндік алды. Ширек финалда Юсуп қырғызстандық Ааял Лазаревті таза жыққан.
Осы кеште жолдамаға таласқан Нұрқожа Қайпановтың (74 кг) жолы болмады. Ол шешуші белдесуде ирандық палуанға қауқар таныта алмады.
Осымен еркін күрестен ұлттық құрама еншісінде 3 лицензия болды. Алғашқысын былтыр Белградтағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 кг) иеленген. Қазір барлығы Қазақстанда Париж ойындарының 41 жолдамасы бар.
Енді ертең бозкілемге әйелдер шығады. Сосын турнирді грек-рим күресінің шеберлері аяқтайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік