Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚытайда тамақ жеткізуші жігіт суға батып бара жатқан әйелді құтқару үшін көпірден секірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
South China Morning Post әйелді судан шығарған соң ол жұмысын қайта жалғастырған.
Ханчжоу қаласында курьер болып жұмыс істейтін 31 жастағы Пенг Кинглин аяқ астынан батыр болып шыға келді. Оның ерлігі жайлы әлеуметтік желі қолданушылары тамсана жазып жатыр.
13 маусым күні ол электровелосипедпен тапсырысқа бара жатқан. Жолда Цяньтанцзян өзенінде суға батып бара жатқан әйелді көріп қалып, оған қол ұшын созу үшін 12 метр биіктіктегі көпірден секірген.
Суға секіргенде бастапқыда өзі қиналғандай көрінгенімен, есін бірден жиып, әйелді де құтқарып қалды.
Биік еді, аяғым дірілдеп кетті. Егер секірмесем, ол өліп кетуі мүмкін еді. Адам өмірінен артық ештеңе жоқ. Сол жайт есіме түссе, өзім қорқып кетемін. Себебі сол сәтте не болып жатқанын түсінген жоқпын, - дейді ол.
Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар мен полиция жетіп, екеуін де судан шығарып алды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары