23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Күзде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «31 арна» арнаға сілтеме жасап.
Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Бағасы көтерілген билет бұл күнге 45 күн қалғанда – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.
Көлік министрлігі баспасөз қызметі бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тариф көтеріледі.
Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%, - деп түсіндірді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
Ұлттық тасымалдаушы кондиционері жоқ вагондарға сатылатын билеттерге 20%-ға дейін жеңілдік береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік