18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жаз мезгілі басталысымен күннен қорғайтын кремдердің пайдасы мен зияны туралы пікірталас та жиілей түседі. Әсіресе әлеуметтік желілерде мұндай құралдардың ағзаға кері әсері бар екені туралы түрлі ақпарат таралады. Соңғы уақытта қолданушылар арасында «күннен қорғайтын крем тері арқылы қанға сіңіп, D дәруменінің түзілуін тоқтатады, иммунитетті әлсіретеді және рак клеткаларын оятады» деген мәлімдеме қызу талқылануда.
Алайда мамандар бұл пікірлердің ғылыми дәлелі жоқ екенін айтады.
Кейбір зерттеулер күннен қорғайтын кремдердің құрамындағы жекелеген химиялық заттардың қан құрамынан анықталуы мүмкін екенін көрсеткен. Дегенмен бұл олардың денсаулыққа зиян келтіретінін немесе қатерлі ісікке себеп болатынын білдірмейді.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда күннен қорғайтын кремдерді қолдану мен қатерлі ісік ауруларының дамуы арасында тікелей байланыс бар екенін дәлелдейтін сенімді ғылыми деректер жоқ. Керісінше, мұндай құралдар теріні ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғап, тері обырының қаупін азайтуға көмектеседі.
Қатерлі ісікке не себеп болуы мүмкін?
Дәрігерлердің айтуынша, тері қатерлі ісігінің негізгі қауіп факторларының бірі – ультракүлгін сәуленің шамадан тыс әсері. Әсіресе күн астында ұзақ уақыт қорғанышсыз жүру тері жасушаларының зақымдануына алып келеді.
Ультракүлгін сәулелер терідегі ДНҚ құрылымын өзгертіп, жасушалардың қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін. Уақыт өте келе бұл өзгерістер қатерлі ісік ауруларының дамуына әсер етуі ықтимал.
Сондықтан дерматологтар күннен қорғайтын кремдерді сән үшін емес, денсаулықты сақтау үшін қолдануға кеңес береді.
D дәрумені толықтай бөгеліп қала ма?
Әлеуметтік желілерде жиі айтылатын тағы бір пікір – күннен қорғайтын кремдер ағзадағы D дәруменінің түзілуін толық тоқтатады деген тұжырым.
Мамандар бұл да шындыққа жанаспайтынын айтады. Зерттеулер көрсеткендей, SPF қорғанысы бар кремдерді пайдаланатын адамдардың өзінде D дәрумені синтезі жалғаса береді. Себебі көпшілік кремді нұсқаулықта көрсетілген мөлшерде жақпайды немесе оны уақытылы жаңартып отырмайды.
Оның үстіне D дәруменін тек күн сәулесінен ғана емес, тағамнан да алуға болады. Майлы балық, жұмыртқа сарысы, бауыр және дәруменмен байытылған өнімдер ағзадағы D дәруменінің қорын толықтыруға көмектеседі.
Қай кезде күн ерекше қауіпті?
Мамандар күн сәулесінің ең белсенді кезеңі әдетте сағат 11:00 мен 16:00 аралығы екенін айтады. Бұл уақытта ультракүлгін сәуленің деңгейі жоғары болады.
Әсіресе балалар, қарт адамдар және терісі сезімтал жандар күннің әсеріне көбірек ұшырайды. Сондықтан ашық ауада ұзақ уақыт болатын жағдайда қорғаныш құралдарын қолдану маңызды.
Күннен қалай дұрыс қорғануға болады?
Дәрігерлер бірнеше қарапайым ережені ұстануға кеңес береді:
Сондықтан әлеуметтік желідегі күмәнді ақпараттарға сенбей, денсаулыққа қатысты мәселелерде дәрігерлер мен ғылыми зерттеулерге сүйенген жөн.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр