30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлімізде жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Абай облысының өкілдері велошеру қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды. Велоспортшылар тобы ұйымдастырушылармен бірге Семейдің орталық алаңына дейін жүріп өтті. Мұнда оларды еңбек ұжымдары, колледж студенттері мен спорт сүйер қауым қошеметпен қарсы алды.
Іс-шарадан соң, спортшылар сапарын жалғастырды. Бұл күнгі бағыттың ұзындығы 220 шақырымды құрады. Айта кетейік, велошеру жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатыр.
Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Велошеру 8 маусымда мәресіне жетеді деп жоспарланған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды