Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКейде ұйқыдан шаршап оянатын күндер болады. Мұндайда кофеден бөлек ештеңе көмектеспейтін секілді көрінеді. Бірақ кофенің шамасы тек бірер сағатқа жететінін ұмытпау керек.
Сонымен күні бойы сергек жүру үшін қалай тамақтанған дұрыс?
Диетолог Триста Бесттің сөзіне қарағанда, бұл керемет энергия көзі. Грек йогуртында ақуыз көп. Бұл жағдайда маман майлылығы 2%-дан аспайтын йогурт алуға кеңес береді. Йогуртқа жидектер мен үгітілген жаңғақ қосыңыз, сонда қарныңыз да тояды, сергектігіңіз де артады.
Бұл балық ақуызға және омега-3 май қышқылдарына бай, олар қандағы қантты қалыпты деңгейде ұстайды және энергияңызды тиімді жұмсауға көмектеседі.
Қызылшаның құрамында көптеген қоректік заттар мен антиоксиданттар бар, оның бәрі энергияңыздың деңгейін бірқалыпта ұстауға көмектеседі. Сонымен қатар қызылшада баяу сіңетін күрделі көмірсулар бар.
Көмірсуларға бай тағы бір тағам. Сонымен қатар киноада ақуыз көп, сонымен қатар темір, магний және В дәрумендері сияқты пайдалы заттар бар.
Банандарда көптеген пайдалы көмірсулар, ақуыз және В дәрумендері бар, банандарда табиғи қант бар, ол бірден қуаттандырады, ал талшық (клетчатка) оның сіңуін баяулатады.
Авокадо әмбебап суперфуд болып саналады – оны шикілей жеуге, тостқа жағуға немесе гуакамол жасауға болады. Авокадода ақуыз, көмірсулар, талшық және магний бар – олар бірігіп адамға көп энергия сыйлайды және оны ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді.
Күрделі көмірсулар мен талшықтар өте көп болатын тағы бір тағам түрі. Талшық қанттың сіңуін баяулатып, бұл өз кезегінде энергия деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?