Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКүнделікті қарбаласта шаршаңқылық пен әлсіздік көпшілігімізге таныс жағдай. Ал жұмыс өнімділігін арттырып, көңіл-күйді жақсарту үшін күні бойы сергек жүрудің қарапайым жолдары бар. Ең бастысы – ұйқы режимін сақтау. Ересек адамға тәулігіне орта есеппен 7-8 сағат сапалы ұйқы қажет. Ұйқыға бір уақытта жату және таңертең бір уақытта тұру ағзаға тұрақты ырғақ береді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Таңғы ас та сергектіктің кепілі. Ақуызға, дәрумен мен баяу көмірсуларға бай тағамдар (сүт өнімдері, жұмыртқа, сұлы ботқасы, жеміс-жидек) ағзаны күні бойы қуаттандырады. Ал керісінше, майлы немесе тым тәтті тағамдар алғашқыда энергия беріп, кейін шаршаңқылық тудыруы мүмкін.
Судың жеткілікті мөлшерде ішілгені де маңызды. Ағза сусызданса, әлсіздік, бас ауруы, тіпті ашушаңдық пайда болады. Күніне орта есеппен 1,5-2 литр су ішу – сергек жүрудің ең оңай тәсілдерінің бірі.
Қозғалысқа көңіл бөлу де шаршауды азайтады. Ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыратын адамдар үшін әрбір 1-2 сағат сайын тұрып, жеңіл жаттығу жасау пайдалы. Қысқа серуен немесе бірнеше созылу жаттығуы қан айналымын жақсартып, миға оттегінің жақсы жетуіне көмектеседі.
Кофе мен шайды шектен тыс пайдаланбаған жөн. Олар сергектікті уақытша арттырғанымен, көп ішкен жағдайда жүйке жүйесін шаршатып, ұйқы сапасын төмендетеді. Оның орнына көкөніс пен жемістен алынған табиғи дәрумендерді тұтыну әлдеқайда пайдалы.
Жалпы алғанда, күні бойы сергек жүру үшін дұрыс ұйықтау, теңгерімді тамақтану, жеткілікті су ішу, қозғалысқа уақыт бөлу және зиянды әдеттерден арылу жеткілікті. Осындай қарапайым қадамдарды күнделікті әдетке айналдырсаңыз, шаршаңқылықтан арылып, өмір сапасын жақсартуға болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады