Күндіз қай уақытта ұйықтаған пайдалы екені белгілі болды

27 Ақпан, 13:30 2686

АҚШ-тағы Техас университетінің қарасты бет аурулары мен медициналық ұйқыны зерттейтін клиникалық орталықтың директоры Стивен Бендер күндіз ұйықтаудың пайдасы мен зиянын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Күндіз ұйықтауды әдетке айналдырған адамның денсаулығы жақсарады. Адам ағзасы тынығып, қалпына келеді, жұмысы жақсарады, аурудан айығуын тездетеді, ағзаның вирус пен бактерияға қарсы тұруға күш-қуатын арттырады, ақыл-ойды жақсартады. Бірақ ол 20 минуттан аспауы керек.

Ұйқы медицинасының маманы отыз минуттан артық ұйықтаған адам өзін шаршаңқы сезініп, жұмыс істеу қабілеті нашарлап, күні бойы мең-зең болып жүруі мүмкін екенін ескертеді.

Күндізгі ең пайдалы ұйқы 13:00-15:00 уақыт аралығында.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: