Күнделікті өмірді жеңілдететін мобильді қосымшалар көбейіп жатыр. Соның арқасында күніңді оңай жоспарлап, қала ішіндегі бір жерден екіншісіне оңай жетуге болады. Денсаулықты қадағалауға болатыны тағы бар. Сіздерге бірнеше қосымша жайында тоқталамыз.
i-teka.kz қосымшасы
Алдымен, I-teka.kz қосымшасы туралы сөз қозғаймыз. Мұнда қала бойынша белгілі бір дәрі-дәрмекті қай жерден сатып алуға болатынын іздейсіз. Тіпті, ең арзан бағада табуға болады. Дәрігер мен медициналық орталықтар туралы да ақпарат табасыз. Тексерілген, дәлелді медицинаға сүйеніп ем-дом жасайтын мамандарды тауып береді.
Qozgal қосымшасы
Қазір бәріміз күніне 5-10 мың қадам жүруге тырысамыз. Дәрігерлер де күніне осынша қадам жүріп, оған спорты қосса, адам организміне жақсы әсер ететінін айтады. Осындайда Qozgal app қосымшасы еске түседі. Мұнда күнделікті неше қадам жасағаныңызды, бір ай ішіндегі динамиканы бақылауға болады. Смарт-сағаты жоқ адам үшін таптырмайтын қосымша. Бағдарламасын түсіну оңай, іске қосылуы қызық.
Egov mobile
Egov mobile қосымшасы арқылы өзің туралы мәлімет, құжаттар мен анықтама қағазын жылдам рәсімдейсіз. Әпсәтте мемлекеттік органдардан құжат алуға болады. Баланы балабақшаға тіркеу, көлікке нөмір алу, және басқа да қызмет қолжетімді. Демалыс күндеріне қарамай, жұмысты бітіруге болады.
Damumed
Елімізде денсаулық саласына қатысты, жылдан жылға дамып жатқан бір қосымша бар болса, ол – Damumed. Жоба жасаушылар әркез тұтынушы пікіріне құлақ асатыны көрініп тұрады. Қосымшадан тіркеуде тұрған емхананы, анализ нәтижесін, дәрігер жазбасын, скрининг және тағы басқасының нәтижесін оңай тауып аласыз. Дәрігерге жазылып, медицина қызметкерін үйге шақыруға болады.
2 GIS
Қала қозғалысын бақылап, бағытыңды анықтап беретін қосымша болмаса, өмірді жеңілдетуге болмайтындай көрінеді. Әсіресе, қазақстандықтан 2GIS қосымшасын көбірек жүктейді. Осы құрал арқылы баратын жеріңізді оңай тауып, қандай көлікпен барған тиімді екенін салыстырасыз. Қазір мұны дүкен мен мейрамхананың рейтингін білу үшін де қолданады.