15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 17 маусым күні Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.
Астана қаласында түнде ауыспалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Ал күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде жылдамдығы 2-7 м/с болса, күндіз 9-14 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +31…+33°C болады.
Алматы қаласында түнде жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 3-8 м/с, кей сәттерде 13 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C аралығында болады.
Шымкент қаласында түнде де, күндіз де ауыспалы бұлтты ауа райы сақталып, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C шамасында болады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады