"Күн бермейді". Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты мәселеге нүкте қойды

16 Қараша 2023, 16:10 14703

Айдарбековтер әулеті кіші ұлы Заңғардың тойын жасағанда үлкен келіні Жұлдыз бен немерелерінің келмегені көптің көкейінде сұрақ туындатқан еді. Қайрат Нұртастың анасы осы мәселеге қатысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысының бірі продюсерге "Гүлзира, барлығын желіге салып отырсыз. Тойды тамашаладық. Бірақ отбасы жайлы айтқанда, бәрі шынайы болуы керек сияқты. Неге үлкен құдаларыңыз бен үлкен келініңіз Жұлдыз жайлы айтпайсыз? Ол да бір отбасылық тәжірибе ғой. Айта отырыңыз", - деп жазған.

Ал Гүлзира Айдарбекова келіндерінің алдында қандай кінәсі барын айтты.

Неге оның бәріне ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәрі тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі басы жеткенше істейді. Жоқ, әлде, "Гүлекең күн бермейді екен", "Ауызын ашып ұрысыпты" дегенді естідіңіз бе? Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз, - деп жауап берді продюсер Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова кіші келініне 10 мың доллар қалың мал бергенін жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: