28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБөкетов университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде Куба құрамасы өкілдерімен жоғары курс студенттері бокстан шеберлік сабағын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Факультет деканы, профессор Қуанышбек Аданов университеттің спорт залында қонақтарға таныстыру жұмыстарын жүргізіп, Серік Сапиев пен Геннадий Головкин сияқты танымал түлектеріміз жайында сөз қозғады. Өз кезегінде боксшылар университет студенттерімен бірлескен жаттықтырулар жүргізді.
Шетелден келген қонақтар сапарының басты мақсаты – Қазақстан боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және білікті Кубалық боксшылардан түрлі әдіс-тәсілдерді үйренуге мүмкіндік беру.
Команданың жаттықтырушысы Карлос Мануэль Перес Рейестің айтуынша, ол біздің елге алғаш рет келіп отыр.
Мұнда, спортшыларды даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, елдегі қыстың қатал ауа-райын алғаш рет көріп, сезініп тұрмын. Дегенмен, сіздерде мейірімділікке толы жылы ортаның бар екенін байқадым. Адамдық жылу суықтың орнын толтырады, - деді ол.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы-ректор Нұрлан Дулатбеков Парижде өтетін алдағы Олимпиада ойындарында Кубалық боксшыларға сәттілік тілеп, жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. Қонақтарымыз болса өз қолтаңбалары бар бокс қолғаптарын естелікке қалдырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?