22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд пен Мексиканың Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек рекордтық аудитория жинады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Netflix стримингтік сервисінің мәліметінше, Кроуфорд – Канело шайқасы XXI ғасырдағы ең көп көрермен жинаған ерлер арасындағы чемпиондық жекпе-жекке айналды.
Әлем бойынша 41 миллионнан астам көрермен #CaneloCrawford жекпе-жегін Netflix арқылы тамашалады. Осылайша, ол осы ғасырда ерлер арасында ең көп қаралған чемпиондық жекпе-жекке айналды! – делінген компанияның ресми хабарламасында.
Over 41 million global viewers watched #CaneloCrawford on Netflix, making it the most-viewed men’s championship boxing match this century! pic.twitter.com/4RXR7qyvyU
— Netflix (@netflix) September 15, 2025
Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасында өткен Кэти Тэйлор мен Аманда Серрано арасындағы әйелдер титулдық жекпе-жегін 74 миллион адам тамашаласа, блогер Джейк Пол мен аңызға айналған Майк Тайсон арасындағы кездесу 108 миллион көрермен жинаған. Дегенмен ол чемпиондық айқас болмаған еді.
Еске салсақ, мексикалық чемпион мен жеңіліссіз америкалық боксшы арасындағы жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Төрешілердің ортақ шешімімен жеңіс Теренс Кроуфордқа беріліп, ол екінші орта салмақтағы барлық белбеудің иегері атанды.
Бұл жеңіс Кроуфордтың мансабындағы 42-жеңісі болса, Канело үшін бұл үшінші жеңіліс болды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев