7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қалалық департаменті еліміздің 3 азаматының «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін «Астана» Халықаралық қарды орталығы алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар қылмыстық әрекетін Астана қаласының аумағында 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді. «Binance» платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.
Алдын ала есеп бойынша «Binance» платформасындағы крипто айырбастау пунктінің криптоәмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады.
Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Айта кетейік, ҚМА жұмысында негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған. Былтыр қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті», - делінген хабарламада.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?