22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМексиканың Сьюдад-Хуарес қаласында орналасқан крематорийден кремация жасалмаған 381 адамның сүйегі табылды. Мекеме иесі мен қызметкері ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлеу қызметтерін ұсынған мекеме алаяқтық жасаған: мәйіттер кремациядан өтпеген, ал марқұмдардың туыстарына бөтен адамдардың күлі табысталған, – делінген хабарламада.
Штат прокуроры Сесар Хауреги Мореноның айтуынша, екі ер адам – кәсіпорын иесі мен бір қызметкер – қамауға алынған. Олар адам сүйектеріне дұрыс қарамау, санитарлық талаптарды бұзу, рұқсатсыз жерлеу және алаяқтық баптары бойынша айыпталуда.
Олар мәйіттерді алып, қызмет көрсеткендей ақша алған, бірақ ешқандай рәсім жасамаған. Сөйтіп, мәйіттерді жинап отырған, – деді прокурор.
Крематорий – бес-алты бөлмеден тұратын шағын ғимарат, онда жүздеген мәйіт бірінің үстіне бірі үйілген. Бұл жағдай «қылмыстық немқұрайлылық» салдары ретінде бағаланды.
Бұл – үлкен трагедия және шектен шыққан жауапсыздық. Бұл – шынайы қорлау, – деді прокурор.
Бұған дейін Мексиканың Веракрус штатында биліктегі Morena партиясынан Тексистепек қаласының мэрі қызметіне үміткер Есения Лара Гутьерреске қарулы шабуыл жасалып, ол қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға тікелей эфирде көрсетілген. Әйел көше бойымен жүріп, жергілікті тұрғындармен амандасып келе жатқан сәтте шабуыл жасалған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев