Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚазақстанда кредитін мерзімінен бұрын толық өтеген азаматтар сақтандыруға төлеген ақшасының бір бөлігін қайтарып ала алады. Алайда бұл мүмкіндік барлық қарыз алушыға бірдей қарастырылмаған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру төлемін кімдер қайтара алатынын, қанша қаражат қайтарылатынын және ол үшін қайда жүгіну керегін түсіндірді.
Сақтандыру ақшасын кімдер қайтара алады?
Агенттік мәліметінше, бұл құқық банктен немесе микроқаржы ұйымынан қарыз алған кезде ерікті сақтандыру шартын жасасып, кредитін белгіленген мерзімнен бұрын толық өтеген жеке тұлғаларға беріледі.
Мұндай сақтандыру түрлеріне қарыз алушының өмірі мен денсаулығын немесе кепілге қойылған мүлкін сақтандыру жатады.
Сақтандыруға төленген қаражат автоматты түрде қайтарылмайды. Ол үшін азамат сақтандыру компаниясына өзі жүгініп, шартты бұзу және төлемнің пайдаланылмаған бөлігін қайтару туралы өтініш беруі қажет.
Қанша ақша қайтарылады?
Агенттік сақтандыру төлемін қайтару тәртібін нақты мысалмен түсіндірді. Айталық, азамат бес жылға кредит рәсімдеп, сақтандыру үшін 150 мың теңге төледі. Алайда бір жылдан кейін қарызын толық жауып тастады.
Бұл жағдайда бір жылдық сақтандыру құны 30 мың теңгені құрайды. Ал қалған төрт жылға тиесілі 120 мың теңге пайдаланылмаған сақтандыру мерзімінің үлесіне сәйкес келеді.
Сақтандыру компаниясы шартты бұзуға байланысты шығындарды осы сомадан ұстап қалуға құқылы. Бірақ оның мөлшері бастапқы сақтандыру сыйлықақысының 10 пайызынан, яғни 15 мың теңгеден аспауға тиіс.
Осылайша, компания рұқсат етілген ең жоғары соманы ұстап қалса, азаматқа 105 мың теңге қайтарылады. Ал нақты шығын аз болса, қайтарылатын қаражат 120 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Агенттік сақтандыру компаниясы өтініш түскеннен кейін ақшаны бес жұмыс күні ішінде қайтаруға міндетті екенін атап өтті.
Сақтандырушы өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру қолданылған уақытқа пропорционалды соманы және шартты бұзуға байланысты шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақысының қалған бөлігін жеке тұлғаға қайтаруға міндетті, – деп түсіндірді агенттік.
Ақшаны қайтару үшін қайда жүгіну керек?
Кредитін мерзімінен бұрын толық өтеген азамат сақтандыру компаниясына өтініш беруі қажет. Қажетті құжаттардың нақты тізімі сақтандыру ережелері мен шарт талаптарына байланысты анықталады. Әдетте мына құжаттар қажет болады:
Егер сақтандыру компаниясы ақшаны қайтарудан бас тартса, өтінішке жауап бермесе немесе тиісті сомадан аз қаражат аударса, азамат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана алады.
Шағымға кредит және сақтандыру шарттарын, қарыздың толық өтелгенін растайтын құжатты, сақтандыру компаниясына жолданған өтінішті және компанияның жауабын (бар болса) қоса тіркеу керек.
Қарыз алушылар көбіне неге шағымданады?
Агенттік мәліметінше, азаматтар көбіне сақтандыру сыйлықақысын қайтарудан бас тарту, қайтарылатын соманың мөлшерімен келіспеу және төлемнің кешіктірілуіне байланысты шағымданады.
Сондай-ақ сақтандыру талаптары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі де жиі көтерілетін мәселелердің бірі.
Дегенмен агенттік кредитті мерзімінен бұрын өтегеннен кейін сақтандыру ақшасын қайтаруға қатысты өтініштердің жеке есебі жүргізілмейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, сақтандыру төлемінің бір бөлігін қайтару үшін кредиттің толық өтелуі және сақтандыру шартының ерікті түрде жасалуы маңызды. Қайтарылатын нақты сома сақтандырудың пайдаланылған мерзіміне және шартты бұзуға байланысты шығындарға қарай есептеледі.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік