Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСу ішу үшін кранды бірнеше минут ашық қалдырудың қажеті жоқ. Алдын ала су ағызу тек санитарлық-эпидемиологиялық тексеру үшін сынама алынатын жағдайда ғана керек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Судың ағысын қанша уақыт ағызу қажет екені зерттеу мақсатына байланысты. Мысалы, су сапасына әсер ететін материалдарды зерттеу үшін суды алдын ала ағызбай-ақ сынама алу керек. Ал химиялық тепе-теңдікті анықтау үшін суды 2-3 минуттай ағызып жіберу жеткілікті.
Судағы микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау үшін металл крандарды алдымен отқа ұстап зарарсыздандыру керек, ал пластик крандарды арнайы құралмен дезинфекциялау қажет. Мұндай жағдайда суды кранды толық ашып, кемінде 10 минут ағызу керек.
Ішуге арналған суды алдымен ағызып жіберудің қажеті жоқ. Бұл – суды бекер ысырап ету. Министрлік керісінше, суды үнемдеп пайдалануға шақырады. Осы мақсатта арнайыәдістемелік ұсыныстар әзірленген. Оларды сақтау арқылы алты адамнан тұратын отбасы жылына 35 мың литрге дейін су үнемдей алады. Қазір бұл ұсыныстарды ел көлеміндегі қоғамдық орындарға тарату жұмысы жүргізіліп жатыр, – дедіСу ресурстары және ирригация министрлігі Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.
Ұсынылған шаралар қатарында мыналар бар: кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды толық жүктемемен пайдалану, автоматты сенсорлы крандар орнату, дәретханада екі режимдісу шығару тетіктерін орнату, крандарға аэрациялық саптамалар қою, крандардың техникалық жағдайын тұрақты тексеріп тұру және ақау не ағып жатқан жерлерді уақытылы жөндеу.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?