23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық Балауса Мұздыманды көпшілік жуан жұдырық иесі деп қана емес, сұлу боксшы ретінде де біледі. Былғары қолғап шеберінің сөзіне қарағанда, сұлулықтың кедергі болатын тұстары да бар. Ол кішкентай кезінен көз тиіп жиі ауыратынын айтты. Балауса El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында іс-шаралардан келген соң әлі де дұғасын оқып жататынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Көз тиді» деп бекер айтылмайды. Бала күнімде қонақтар келіп кеткен соң міндетті түрде ауырып қалатынмын. Өзім ерке болдым, ұлдар секілді жүріп, бұзық болдым ба, әйтеуір қонаққа барсақ, не үйге біреулер келсе болды, орнымнан тұра алмай қалатынмын. Кішкентай кезде неге бұлай болады екен деп ойлайтынмын. Сонда апам қасымда отырып дем салып, дұға оқитын, тұзбен, сумен аластап, аяққа тұрғызып алатын. Қазір де іс-шаралардан келген соң тұзды суға шомылып, дуғамды оқып жатамын, - дейді боксшы қыз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік