Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апаттан көз жұмған бес кеншінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Костенко атындағы шахтаның директоры Сергей Мустивко мәлімдеді.
Айтуынша, шахтадан бірінші болып 8 адамды алып шыққан, олардың ішінде бесеуінің ғана тұлғасы анықталды. Олар:
Мордасов Виталий Анатольевич
Югай Александр Викторович
Адампаев Ербулат Муратович
Петренко Владимир Ильич
Сайфутдияров Альберт Рифович.
Қалған адамдардың тұлғасын тану мүмкін емес, өйткені денесінің қалдықтары ғана бар. Аты-жөні аталған азаматтардың туыстары олардың тұлғасын анықтау үшін келулеріне болады, - деді Мустивко.
Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, шахтадағы апат құрбандарының саны 33-ке жетті.