23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарағанды облысындағы "Костенко" атындағы шахтада қайтыс болған адамдар саны тағы біреуге артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта шахтадағы өрттен қайтыс болғандары саны 21 адамға жетіп отыр.
252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды. Олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді. Шахта ішінде әлі 23 кенші бар. Сонымен бірге 21 кеншінің денелері табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп тұр, - деп жазылған "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ы таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік