2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСоңғы жылдары арнайы дәрілік препараттардың негізінде инъекциялық ем-шаралар қолданылатын ботулинотерапия (ботокс) ем-шарасы кеңінен сұранысқа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл "сұлулық инъекциялары " терінің патологиялық өзгерістерін жасарту және жою мақсатында экстетикалық медицинада жиі қолданылады.
Алайда косметологиялық клиникаларға барған кезде барлығы ботокстың жарамдылық мерзіміне және ең бастысы Қазақстанда осы құралдың тіркелгеніне назар аудармайды.
Бүгінгі күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да ботулинотерапияда қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген. Олар «Ботулакс», «Ксеомин», «Вистабель», «ФОРТОКС®️», «Диспорт®️», «Нейронокс» сауда атауларымен ұсынылған. Бұл дәрілер дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында рецепт бойынша дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айта кету керек. Дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік те көзделген.
Денсаулық сақтау министрлігі инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға кеңес береді.
Ұйымның таңдалған ем-шараларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізу маңызды. Мұны келесі сілтеме арқылы тексеруге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/documents/details/415810?lang=kk
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова