10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек БАҚ өкілдерімен өткен онлайн баспасөз мәслихатында Астанада өтетін Көшпенділер ойыны кезінде қаладағы жоғары оқу орындары қалай жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көшпенділер ойыны кезінде оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны жөнінде түпкілікті шешім қабылданды ма? Студенттер сабақты сәл кешігіп бастай ма? — деп сұрады журналист.
Министр бұл іс-шараның жоғары білім беру үрдісіне ешқандай әсері болмайтынын айтады.
Шешім бар. Көшпенділер ойындары оқу процесіне ешқандай әсер етпейді. Астанадағы студенттер қалыпты режиммен оқиды. Бұл мектептерге қатысты мәселе шығар. Бірақ жоғары білім бойынша айтсақ, штаттық режимде жұмыс істейміз, — деді Саясат Нұрбек.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді