22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚР Президентінің Іс басқармасында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға атсалысқан қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен Мемлекет басшысының Құрмет грамотасы тапсырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға орталық аппараттың және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Алқалы жиында сөз алған ҚР Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өткенін, бұған ҚР ПІБ қызметкерлері өз үлестерін қосқаны қуантатынын атап өтті.
Іс басқармасының 6 қызметкері «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарына ие болды. 22 қызметкерге ҚР Президентінің Құрмет грамоталары тапсырылды.
Марапатталғандардың арасында электрик, техник, медицина қызметкері, қоғамдық тамақтандыру, байланысшы сынды түрді мамандық иелері бар.
Бұл марапат мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Президенттің Іс басқармасы халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда өзінің кәсібилігін тағы да дәлелдегенін атап өткім келеді, - деді «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС өндірістік-техникалық жұмыс бөлімінің бастығы Олег Виценко.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев