30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанның агроөнеркәсіп кешен саласындағы ең ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі - «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрме басталды, деп хабарлайды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі «Дала күні» форматында өтіп жатқан көрме іс-шарасында туризм және спорт бағыттары да тыс қалмады. Іс-шараның ресми бөліміне еліміздің Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.
Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Мұны 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде ойындарға жауапты дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды.
Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтті.
Алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады.
Еске салсақ, 8-13 қыркүйекте Астанада этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланудаАстанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды