6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ересектерге арналған билет бағасы 500 теңгеден бастап 15 000 теңгеге дейін жетеді. Сайыстарға кіру билеттерінің орташа құны - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты.
Сайыстар өтетін «Этноауыл», «Қазанат», «Арғымақ» спорттық алаңдарына арнайы автобустар қатынайды. Автобустар сағат 8:00-21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешіт аумағынан тегін тасымалдайды.
Дүбірлі додада ел намысын 216 спортшы қорғайды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі