Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Бұл туралы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.
Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.
Тікелей Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.
Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Ұлы Дала дүбірі» ұранымен өтеді.
Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде «Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция «Тарих және мәдениет», «Спорт ғылымы» және «Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы» секцияларынан тұрады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?