10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызында отырған өзбекстандық азамат елден депортацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында Тараз станциясы теміржол вокзалының перронында «Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызына тексеру жүргізіліп, ҚР Халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 2001 жылы туылған азаматы анықталған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 4-бөлігіне сәйкес (шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетпеуі) әкімшілік хаттама толтырылған. Іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқық бұзушыға сот қаулысына сәйкес, әкімшілік жолмен елден шығарылып, 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді