Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБҚО-да табиғат қорғау прокуроры даулы видеодан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев қызметтік тексеру нәтижелерін хабарлады.
Фото және видео суреттердің нақты түсірілген күнін анықтау мүмкін болмады. Бұл ретте әлеуметтік желі қолданушылары мен интернет-ақпараттық ресурстарда оқырмандар арасында қоғамдық наразылық туып, көптеген талқылаулар болды, – деді Азамат Сәтбаев.
15 тамызда жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы және облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсынымы негізінде Абылай Бисқалиев қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Бисқалиев мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын жоғары талаптарды түсініп, басшылыққа атқарып отырған лауазымынан босату туралы өтінішпен жүгінді. 20 тамызда ол БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды, - делінген жауапта.
Еске салайық, тамызда әлеуметтік желіде БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйде көше кезіп жүргені түсірілген видео тараған еді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды