13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызИран билігі Ислам Республикасының бірқатар ірі қаласында итпен серуендетуге толықтай тыйым салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді үй жануарларын қоғамдық орындарда серуендетуге алып шыққан азаматтар айыппұл төлейтін болады.
Үй жануарларымен көше бойымен, тарихи-мәдени нысандар аумағында, саябақтарда, базарларда және сауда орындарында жүруге тыйым салынған.
Сондай-ақ жануарларды қоғамдық көлікте тасымалдауға болмайды. Иттерді көлікпен ашық күйде алып жүру де тыйымға ілікті.
Кейбір ислам дінбасыларының айтуынша, үй жануарларын асырау — «батыстық өмір салтының» белгісі.
Бұл шара адамдар мен жануарлар арасында таралуы мүмкін аурулардың алдын алу және халық денсаулығын сақтау мақсатында енгізілгені хабарланды.
Айта кетейік, бұған дейін жоғалған екі жасар бүлдіршінді табуға овчарка тұқымды ит көмектескені туралы жазғанбыз. Сонымен қатар жасанды интеллект арқылы жануарлармен тілдесуге болатыны туралы да еске салайық.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды