24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыБаланың еңбекке ерте араласуы оның жауапкершілігін арттырып, өмірлік дағдыларын қалыптастырады. Бірі үй шаруасына көмектессе, енді бірі ата-анасының кәсібіне араласып, қолөнердің қыр-сырын меңгеріп жүр. Солардың бірі – Алатау қаласының тұрғыны, 13 жастағы Нұрболсын Әденбекұлы. Ол бір жарым жылдан бері ата-анасымен бірге көрпе тігіп, жүн түту ісіне атсалысып келеді.
Отбасылық кәсіптен алған алғашқы тәжірибе
Нұрболсын Әденбекұлы – Алатау қаласындағы №4 орта мектептің 8-сынып оқушысы. Сабақтан бос уақытында ол ата-анасының көрпе тігетін цехына барып, күнделікті жұмысқа көмектеседі. Жасөспірімнің айтуынша, бастапқыда қарапайым жұмыстарды атқарған. Уақыт өте келе көрпе тігудің барлық кезеңін меңгеріп, өз бетінше жұмыс істей алатын деңгейге жеткен.
Ата-анама көмектесіп жүргеніме бір жарым жыл болды. Алғашында жүн түтіп, ұсақ-түйек жұмыстарды істейтінмін. Кейін көрпе тігуді де үйрендім. Қазір жұмыстың бірнеше кезеңіне өзім қатысамын, – дейді Нұрболсын Baribar.kz сайтына берген сұхбатында.
Фото: Нұрболсын Әденбекұлының жеке архивінен
Цехта қой жүнінен көрпе дайындалып қана қоймай, ескі көрпе-жастықтарды қайта өңдеп, жаңарту қызметі де көрсетіледі.
Көрпе тігу ептілік пен ұқыптылықты талап етеді
Нұрболсын бүгінде жүн түту, мата пішу және көрпе тігу жұмыстарын қатар атқарады. Оның айтуынша, тәжірибе артқан сайын жұмысты орындау уақыты да қысқарған. Бір көрпені шамамен алты минутта дайындауға болады. Дегенмен бұл жұмыстың сырт көзге көрінгендей оңай емес екенін айтады.
Ең қиыны – жүнді матаның ішіне біркелкі орналастырып, көрпені аудару. Ал маған ең ұнайтыны – көрпенің өрнегін таңдап, оның әдемі шығуына үлес қосу, – дейді ол.
Еңбек жауапкершілікке баулиды
Жас қолөнершінің айтуынша, еңбек оның мінезіне де әсер еткен. Бұрынғыдан ұқыпты болып, кез келген істі соңына дейін жеткізуге дағдыланған. Ол ата-анасына көмектесуді міндет емес, отбасы алдындағы жауапкершілік деп қабылдайды. Сондықтан әр жұмысты сапалы орындауға тырысады.
Оқу, спорт және еңбек – бәріне уақыт табады
Нұрболсын мектептегі оқуын, спортты және отбасылық кәсіпті қатар алып жүреді. Оқу күндері таңертең цехқа барып көмектессе, түстен кейін сабаққа қатысады. Ал жазғы демалыста жұмысқа көбірек уақыт бөледі. Сонымен қатар ол дзюдомен айналысады. Кейіпкердің айтуынша, күн тәртібін дұрыс ұйымдастырса, барлық іске үлгеруге болады.
«Еңбек етуден қашпау керек»
Нұрболсынның достары да оның ата-анасының кәсібіне көмектесетінін біледі. Айтуынша, олар мұны құрметпен қабылдап, әрдайым қолдау көрсетеді. Болашақта ол жеке кәсібін ашуды армандайды. Сонымен бірге тіс дәрігері мамандығын меңгергісі келеді. Қазірден еңбекке араласу сол мақсаттарға жетуге көмектеседі деп санайды.
Ата-аналарыңа көмектесуден қашпаңдар. Үлкендерден үйренген әрбір іс кейін өзіңе тәжірибе болады. Еңбек ешқашан зая кетпейді, – дейді Нұрболсын.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?