18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Астанада Көрісу күніне орай қаланың барлық білім беру ұйымында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, бүгін №29 орта мектебінде мерекеге орай «Наурыз-2024» қойылымы өтсе, №90 гимназия-мектебінде «Амал көрісу» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрісу мәдениетінің маңызын көрсету және құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шараларда қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тауып, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік концерт қойылады. Бұдан бөлек, мектептерде ақындар айтысы, «Амал-көрісу» дәстүрі, «Ұлттық ойындар», «Әжелер» мектебі өткізіледі. Сол сияқты оқушылар күй тартып, ән шырқайды.
Мәселен, Қ.Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияда Көрісу күніне байланысты ауқымды іс-шра өтті.
Көрісу күні елімізде кеңінен тойланбағанымен, соңғы 5-6 жылда халық бүл күнді мерекелеуді үрдіске айналдырып келе жатыр. Ел-жұрт бір-бірімен көрісіп, салтымызды жаңғыртып жатқан тәрізді. Міне, біздің мектебімізде де оқушылар, ұстаздар, ата-аналарға Амал күнінің мән-маңызын түсіндіру мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып отыр.
Көрісу күні адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығы мен бірлігін арттыра түседі. Ағайын-тума, дос-жаран өзара өкпе-ренішін ұмытып, жаңа жылда толар бір жастарымен құттықтап, жақсы тілектерін айтысады. Жалпы, бүгінгі мерекелік іс-шара жас ұрпақты жақсыға қуана білуге үйретеді, - дейді №90 ұлттық гимназияның директоры Гүлжанат Әбдіраманова.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр